Президент жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Ол облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныспақ

фото: inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ол Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныспақ.