×

Абай облысында өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Республика күнінің басты мемлекеттік мереке ретіндегі маңыздылығын атап өтті

 Халық үні 25.10.2023 | 09:30
фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Республика күні қарсаңында Семейде бірлікті, егемендік пен патриотизмді айқындайтын мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Республика күнінің басты мемлекеттік мереке ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Президентіміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, осы сахна төрінде - «Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір, сондықтан әрқашан бірге болайық!» - деген сөзі – біздің өмірлік қағида, бұлжымас аксиома, бақытты өмір сүрудің формуласы болуы керек! Бүгін, Ақордада, Мемлекет басшысы Абай облысынан 3 жерлесітерімізді жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бүгінгі жиында да облысымызға еңбегі сіңген жерлестеріміз мемлекеттік наградалармен марапатталады. «Арғы-бергі тарихта» Абай елінен осынша адамның марапатталуы болған емес! Осының барлығы дербес облыс болуымыздың нәтижесінде мүмкін болған, ортақ қуанышымыз! - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Салтанатты шара аясында өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға марапат пен «Құрмет» грамотасы табыс етілді. Марапат иелерінің ішінде білім және медицина саласының ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалім, ғалым, музыкант, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен кәсіпкерлер бар.

Сондай-ақ өңір өнерпаздары көрермендерге ұлттық нақыштағы қойылым мен ерекше дайындалған концерттік бағдарлама ұсынды. Олардың қатарында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының өнерпаздары және облыстық эстрадалық-симфониялық оркестрі, ҚР еңбек сіңірген әртістері бар.

Еске салсақ, ертең Абай облысының қала және аудандарда ұлттық мерекеге арналған жүзден астам іс-шара мен мерекелік концерт өтеді.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ:

«ПАРАСАТ» ОРДЕНІ:

Төлеген Бакейұлы Жирентай – Еңбек ардагері

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ:

 Төлеубек  Аманғазыұлы Аманғазы – Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы

 Ғалия Әбдіғалиқызы Жуасбаева – «Семей қаласының мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының хоспис бөлімшесінің меңгерушісі

Жанна Жағыфарқызы Жибраева – «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының Президенті

Зәуреш Рамазанқызы Исабаева – «Абай облысының лингвистикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Мұқанов Асқар Әбітайұлы – Абай облысы бойынша бас имам

Нұрланбек Төлегенұлы Тоқтабаев – «Нұржау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Мұхаметқали Телеуханұлы Қасқабаев – «Зеленстрой Семей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры

Досмағамбетов Рамиль Майшуланұлы  - Семей қаласы әкімінің орынбасары

Ерлан Рашитұлы Шәкенов – «Облыстық физиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері

Қазкен Мұқатайқызы Шушанова - «Бесқарағай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының педиатр-дәрігері

3-ШІ ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІ:

Зенков Евгений Борисович - «Коммуналдық шаруашылық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының механизаторы

Мейрамбек Аринович Кемелбаев – «Көкпекті Жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің газэлектро-дәнекерлеушісі

Серік Нариманұлы Төрибаев - «Қаражыра» акционерлік қоғамының  ауыр жүк көлігінің жүргізушісі

Ерболат Сексенбайұлы  Шалабаев - «Семей Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  тазарту құрылыстары учаскесінің жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарі

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН:

Кенжегүл Нұрланқызы Ақшекина – облыс әкімінің   эстрадалық-симфониялық оркестрінің дирижері

Жармұхан Рысбекұлы Берікболов – Үржар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  дзюдо күресінен жаттықтырушысы

Айнұр Әулиесқызы Қанапиянова - «Аягөз аудандық білім бөлімінің  №5 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Самат Әсетұлаұлы Кискимбаев – Жарма ауданы Қалбатау ауылының «Жармакұрылысгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тракторшы-машинисі

Роза Құдайбергенқызы – «Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Жұмаш Маханова – Ақсуат аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы

Айдын Мұқатайұлы Нұрланов – «Курчатов көпсалалы пайдалану кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының техникалық директоры

Гүлмира Рахымбекқызы Ноғайбаева - Семей қалалық мәдениет сарайының «Семей тау» халықтық ансамблінің жетекшісі

Андрей Юрьевич Нагибов – «Милена» ЖК механизаторы-жұмысшысы

Айбек Ғайниұлы Рақышев – «Юбилейный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы

Сускина Ольга Николаевна – Семей қаласы, Чернышевский атындағы №1 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі

Тлеуханов Роллан Рымханұлы – Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының директоры

Рымжан Төлеуханқызы Тынысова – Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры

Рымжан Шашмұхаметқызы Қарғабаева – Семей қаласының № 6 гимназиясының  химия пәні мұғалімі

«ШАПАҒАТ» МЕДАЛІМЕН:

Махат Амангелдіұлы Ғабдуллин – Көкпекті аудандық ауруханасының хирургі

Болат Хариұлы Қойбағаров – «Дастан» шаруа қожалығының басшысы

Мейіз Тоқанқызы Сүйіндікова – «Сүйіндікова» жеке кәсіпкерлігінің директоры

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН:

 Благих Владимир Викторови – «Благих Владимир Викторович» ЖК басшысы

 Зверева Елена Викторовна – «Зайтенов» шаруа қожалығының фермері

 Сливкин Сергей Сергеевич – Абай облысы Прииртышское ауылының электр желілері жедел диспетчерлік тобының жедел мобильді тобының электр монтері

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ  «ЖОМАРТ ЖАН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН:

Дулат Тасболат Қажмұхан – «Темір-транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Имран Вахаевич Хакимов – «Фирдаус» жеке кәсіпкерлігінің басшысы

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫ:

Ушаков Николай Николаевич - «Қазақ астық групп» ЖШС директоры

Серіктес жаңалықтары

Сараптама