×

Астана әкімі Жәмила Бақбергеноваға пәтер кілтін тапсырды

Қала басшысы Азиаданың чемпиондарымен және жүлдегерлерімен кездесті

 Дастан Жұмабекұлы 24.10.2023 | 15:18
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек XIX Жазғы Азия ойындарының чемпиондарымен кездесіп, сыйлық тарту етті.

Жақында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азиадада Қазақстан ұлттық құрама командасының сапындағы Астананың спортшылары 10 медаль жеңіп алды. Олар ел қоржынына 1 алтын, 3 күміс және 6 қола жүлде салды. Осыған байланысты Астана қаласының әкімі Азиаданың құрмет тұғырынан көрінген спортшылармен кездесіп, жеке құттықтады. Осы жерде қала басшысы Азия ойындарында әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Жәмила Бақбергеноваға 1 млн теңгенің сертификаты мен Астанадан бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. 

Спортшыларымыз қайсарлығының, табандылығының арқасында жақсы нәтиже көрсетті. Әрбір медаль тоқтаусыз жаттығулар, жеңіске деген жігердің, отбасының, жанкүйерлер мен жаттықтырушылардың қолдауының арқасында келді. Сіздер – елордамыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышысыздар. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерді алда әлі талай жарыс күтіп тұр. Ең бастысы, Парижде өтетін Олимпиада бар. Біз спорт командаларымыздың бәсекеге қабілетін арттыру үшін кешенді жұмыс жүргізуіміз керек, – деді әкім.

Сонымен қатар кездесуде спорт нысандарын дайындау, жабдықтау, спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру мәселелері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама