×

Алматыда 30 жаңа автобус жолға шығады

Барлық автобус төмен еденді, кондиционерлермен және пештермен жабдықталған

 Динара Амантай 24.10.2023 | 10:00
Фото: видеодан скриншот

Алматыда 30 жаңа автобус жолға шығады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке тасымалдаушы «Мадина» ЖШС Yutong маркалы үлкен сыйымдылықтағы (100 адамға дейін) 30 жаңа автобус сатып алған (автобустардың ұзындығы – 12 метр). Барлық автобус төмен еденді, кондиционерлермен және пештермен жабдықталған.

Аталған автобустар есебінен №128 және №72 маршруттар жаңартылады. №128 маршрутта 17, ал №72 маршрутта 9 автобус жаңартылады. Қолданыстағы автобустар №25 маршрутқа бағытталады, – делінген әкімдік хабарламасында.

Жалпы, субсидиялау шарты бойынша тасымалдаушылар әр 7 жыл сайын жаңа автобустар сатып алады. Биыл жеке автопарктер 355 жылжымалы бірлік сатып алды. Соның есебінен 22 маршрут жаңартылып, 9 жаңа маршрут іске қосылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама