IV Пара Азия ойындары: Қазақстан тағы екі жүлде алды
Пара каноэдан Жалғас Тайкенов пен Бибарыс Спатай күміс медальді иеленді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы екі медальмен толықты. Пара каноэдан Жалғас Тайкенов 43.369 секунд нәтижесімен 2-орынды иеленсе, тағы бір спортшымыз Бибарыс Спатай жарыстың осы түрінен күміс жүлдені иеленді.
Бұған дейін пауэрлифтер Давид Дегтярев алғашқы алтын медальді жеңіп алған еді. Одан кейін Қазақстан қоржынына тағы 1 алтын медаль түсті. Оны пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек барлық қарсыласын жеңіп алды.
Оның алдында қоржынға алғашқы медальді Жаңыл Балтабаева салды. Ол параканоэда 200 метрде бақ сынап, қола медальді еншіледі.
Сондай-ақ Бибарыс Спатай Пара Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Ол пара каноэдан 43.601 секунд нәтижесімен 2-орынды иеленді.
Cонымен қатар Максим Богатырев пара каноэден қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 58.479 секунд.