Ол жеңіске деген құлшынысын көрсетті
Қытайда өтіп жатқан Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал барлық қарсыласын жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Күміс медальді қытайлық Ли Личин алды.
Туризм және спорт министрі Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтады.
Жеңіс оңай келмейді. Бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын, - деді Ермек Маржықпаев.
Бұған дейін пауэрлифтер Давид Дегтярев алғашқы алтын медальді жеңіп алған еді.