«Qazcontent» компаниясы пара спортшылар жайлы деректі фильм түсірді

Халық үні

Онда ұлттық құрамада өнер көрсететін спортшылардың дайындығы мен жаттығуы көрсетіледі

Фото: видеодан скриншот

Ертеңгі басталатын Қытайдың Ханчжоу қаласындағы IV пара Азия ойындары қарсаңында «Qazcontent» компаниясының шығармашылық тобы ел намысын әлемдік ареналарда абыроймен қорғап жүрген пара спортшылар жайлы деректі фильм түсірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Спортшылар екі аяғы мен қолынан айырылып, көз жанары нашарласа да спортты жанына серік етіп түрлі қиындықтарды қалай жеңіп шыққанын айтады.

Мотивацияға толы бұл фильмде тек өзі үшін емес, ел намысын қорғап, ұлттық құрамада өнер көрсететін спортшылардың дайындығы мен жаттығуы көрсетіледі.

Фильмнің толық нұсқасы сілтемеде.