Антикор Әділет министрлігінің бұрынғы басшысын ұстады

Динара Амантай

Оның қылмыстық әрекеті мемлекетке үлкен зиян келтірген

Фото: azattyq.org

Антикоррупциялық қызмет мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, экс-министр талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.