Астанада ер адам контрабандалық бұйымдарды кедергісіз өткізуді парамен шешпек болған
Күдіктілер 2 айға қамауға алынды
Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі елордалық департаментінің қызметкерлері анықтағандай, брендтік зергерлік бұйымдардың құны – 57 млн теңге.
Аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды адамға 860 мың теңге пара берген. Сот күдіктілерге 2 айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.