Түркияда қазақстандық жол апатынан қаза тапты

Халық үні

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: Xinhua/ Globallookpres

Түркияның Алания қаласында 13 қазан күні болған жол апатынан 38 жастағы қазақстандық әйел қаза тапты. Бұл туралы марқұмның туыстары Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады zakon.kz.

Жол апаты биылғы жылдың 3 қыркүйегінде журналист пен оның қызы жан түршігерлік апаттан қаза тапқан тас жолда болған.

13-қазан күні біз Әлия Құлмағамбетова апамыздан айырылдық. Ол небәрі 38 жаста еді. Оның жоспарлары көп болатын. Ол Аланияда (Түркия), D 400, Кестель тас жолында көліктің соқтығысуы салдарынан қаза болды. Полицияның мәліметінше, ол жасыл шам жанған кезде жолды дұрыс жерден кесіп өтіп бара жатқан. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, - деді туысы.