«Ресей жеңілді»: Путин Байденнің сөзіне жауап берді

Халық үні

Ол АҚШ президенті Джо Байденнің бұл мәлімдемесі күлкілі екенін атап өтті

Коллаж: foxweb

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ Украинадағы қақтығыста «Ресей жеңілді» деп есептесе, қару-жарағын алып кетуі керек деп мәлімдеді.

Егер соғыста Ресей жеңіліске ұшыраса, ATACMS қаруын жеткізудің не қажеті бар? АҚШ ATACMS және басқа да қаруларын қайтарып алсын. Содан кейін бізге шайға келіп, құймақ жеп кетсін, - деді Путин Қытайға сапарыбарысында.

Ол АҚШ президенті Джо Байденнің бұл мәлімдемесі күлкілі екенін атап өтті.