×

Футболдан Қазақстан құрамасы Финляндияны жеңді

Қазақстан ұлттық құрамасы H тобында 15 ұпай жинады

 Халық үні 18.10.2023 | 06:45
Фото: nstagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 чемпионатының іріктеу турнирінде Финляндияны 2:1 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алу үшін күресті ары қарай жалғастырады.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы H тобында 15 ұпай жинады.

Бүгінгі турнирде Финляндия құрамасы бірінші таймда алғаш болып есеп ашты.  Ал екінші таймның 77-минутында Бақтияр Зайнутдинов пенальти кезінде гол салып, есепті теңестірді. Араға 12 минут салып, ойынның 89-минутында Зайнутдинов тағы бір гол соғып, командаға жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы енді іріктеу туринирі аясында екі ойын өткізеді. Оның бірін ұлттық құрама Сан-Мариномен өз алаңында өткізсе, екінші кездесуде Словениямен қарсыластардың алаңында ойнайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама