Ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті барын мәлімдеген
Қайрат Боранбаевқа тиесілі компаниялар Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын аударды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті барын мәлімдеген. Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын. Бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталатын болады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қайрат Боранбаев компанияларының 1,4 млрд теңгенің қонақ үйін мемлекетке қайтарғанын хабарлаған болатынбыз.