Активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр
Қайрат Боранбаевтың компаниялары 1,4 млрд теңгенің қонақ қүйін мемлекетке қайтарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында Қайрат Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берген.
Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы – 900 млн теңгеге жуық. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланып отыр, – делінген ҚМА хабарламасында.
Активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін сотталушылар тергеумен процестік келісім жасауға өтініш білдіргенін хабарлаған болатынбыз.