Ресейлік әнші ЖСН алу үшін арнайы ұшып келген
Кеңес заманының және ресейлік эстрада әншісі, РСФСР Халық әртісі Лев Лещенко жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты ресейлік әнші қызметіне жүгінген Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің қызметкерлері растады.
Танымал әртісті көрген Медеу ауданындағы ХҚКО клиенттері мен мамандары онымен бірге фотоға түсуді сұраған. Лев Лещенко бұл өтінішті қуана қабыл алыпты.
Сол кеште көрші мемлекеттің халық әртісі Ресейге қайта ұшып кеткені айтылады.
Биылдыққа Қазақстанда тұруға ықтиярхат алу бойынша өтініш жасаған ресейліктердің саны айтарлықтай ұлғайған. Бұрын 350-400 адам аралығында болып келсе, биыл бірінші тоқсанның өзінде мыңға тарта ресейлік осындай өтініш берген. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді