Ақтау «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болады

Дәурен Ерболат

Маңызды шешім Шушада қабылданды

Фото: aktau-info.com

2025 жылы Ақтау «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесіне ие болады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл туралы Facebook-те Түрксой халықаралық ұйымының қазақстандық өкілі Бақытжан Омар жазды.

Әзербайжан қаласы Шушада Түрксой Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің 40-отырысы өтті. Онда 2025 жылы Ақтау «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болады деп маңызды шешім қабылданды.

Бұл – үлкен жетістік. Жыл бойы түркі елдері Каспий жағалауына жиналып, түрлі іс-шаралар өткізеді. Осының арқасында өңірдің туристік әлеуеті артады, - деді Бақытжан Омаров.

Бұған дейін «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесіне Астана мен Түркістан қалалары ие болған.