Павлодарлық бозбала әлемнің ең үздік шахматшысын жеңді

Еркеғали Болатұлы

Өзі FIDE әлемдік рейтингінде 528-орында тұр

фото: kazchess.kz

23 жастағы Әлішер Сүлейменов Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші айналымында әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді сенсациялық түрде жеңді.

FIDE әлемдік рейтингінде Сүлейменов 528-орында, ал Карлсон 1-орында тұр.

Әлішер Сүлейменов 2000 жылы Павлодар қаласында туған. Ол былтыр шахмат Олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетті.