×

Украина жауынгерлері Донецк пен Горловканы НАТО снарядтарымен атқылады

Қазір олар соңғы үлгідегі АҚШ, Канада, Австралия, Германия, Польша және Франция қаруларымен жарақталған

 Еркеғали Болатұлы 13.10.2023 | 11:28
фото: mavink.com

Украина әскері Донецк және Горловка қалаларына 155 мм калибрлі он снаряд ұшырды. Бұл туралы Оңтүстік-Шығыс Украинадағы атысты тоқтату және жағдайды тұрақтандыруды бақылау және үйлестіру жөніндегі бірлескен орталықтың ДХР-дегі өкілдігі.

Хабарламаға сүйенсек, Украина қарулы күштері мына бағыттарда:

  • сағат 1:00-де Дзержинск, Горловка елді мекендеріне 155 мм калибрлі төрт снаряд ұшырды;
  • сағат 3:00-де Галицыновка елді мекені мен Донецк қаласына 155 мм калибрлі үш снаряд ұшырған;
  • сағат 3:15-те Украина Донецкіге қайтадан үш оқ жаудырды.

155 мм калибрлі артиллерия – НАТО елдерінің қаруы. АҚШ, Канада және Австралия Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын ондаған M777 гаубицасын жеткізген-ді. Оларды Украина Қарулы күштері ДХР, соның ішінде Донецкті атқылау үшін пайдаланады.

Сондай-ақ Киев әскері немістің PzH 2000, поляктың САУ Krab және француздың САУ CAESAR өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларын алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама