×

Шымкент тұрғыны шетелдіктерден ақша алып, бермей қойған (ВИДЕО)

Ол тез пайда тапқысы келген

 Дәурен Ерболат 13.10.2023 | 10:25
Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция үндістандық студенттерге пәтерақысын қайтаруға көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.

Қаладағы туристерге қызмет көрсету бекетіне Үндістан азаматтары келіп, полициядан көмек сұраған.

Олар Үндістаннан Шымкентке білім алуға келген. Студенттер жоғары оқу орны маңынан пәтер жалдамақ болған. Осылайша, бейтаныс адаммен сөйлесіп, оған алдын ала пәтерақысына 90 мың теңге берген. Алайда үй иесі ақшаны алып, 2 күн бойы хабарсыз кеткен. Студенттер амалы құрып, тәртіп сақшыларынан көмек сұрауға мәжбүр болған.

Шетелдіктерге Диана Есенгельдиева мен Айнұр Кульбаева атты полиция қызметкерлері көмектескен.

Олар жалға беруші ер адамға хабарласып, оның бұл әрекеті дұрыс емес екенін айтып, ақшаны қайтаруды талап еткен. Егер бұлай болмаған жағдайда оның қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен. Осыдан кейін жергілікті тұрғын орынсыз әрекеті үшін кешірім сұрап, алған ақшаны қайтарған.

Үндістан азаматтары тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама