×

Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдеу цехы анықталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды

 Динара Амантай 12.10.2023 | 09:56
Фото: polisia.kz

Жамбылдық полицейлер құрамында бағалы металдары бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жедел ақпаратты тексеру барысында Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Мойынқұм ауылының 54 жастағы тұрғынының жеке тұрғын үйінің қосалқы ғимаратынан құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты анықтады. Тексеру барысында қуат көзіне қосылған, қолдан жасалған 3 ұсақтағыш, сондай-ақ жалпы салмағы 1 тоннаға жуық әртүрлі тастар табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 295-1-бабының 1-бөлігі («Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, – делінген хабарламада.

Сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама