Қаңтар оқиғасында полиция ғимаратына шабуыл жасағандар ұсталды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Ұстау кезінде олардан қару-жарақ тәркіленді

Фото: видеодан скриншот

Қызылордада полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш күдікті ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция прокуратура органдарымен 5 қаңтар күні адамдар тобы болып Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған Қызылорда қаласының үш тұрғынын ұстады.

Олар қамаққа алынды. Ұсталғандардан қару тәркіленді.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда.