Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян түсіріп жатқан сәтін көрсетті (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Жанкүйерлері жаңа ән мен бейнебаянды тағатсыздана күтетінін жазып жатыр

фото: видеодан скриншот

Қазір әнші Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян түсіріп жатыр. Ол жанкүйерлеріне түсірілім алаңынан видео бөлісті.

Айта кетсек, кезекті бұл бейнебаяны АҚШ-та түсіріліп жатыр.

Лос-Анжелесте жаңа әнге жаңа бейнебаян түсіріп жатырмыз. Баршаңызға жақсы күн болсын! - деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Әншінің жанкүйерлері жаңа ән мен бейнебаянды тағатсыздана күтетінін жазып жатыр. Олар бұл туындының ерекше болатынына сенімді.