Ең көп қылмыс Алматы қаласында жасалады
Жыл басынан бері алаяқтықтан 36 мыңнан аса адам зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, Қазақстанда 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың төмендеуі байқалып отыр. Жалпы тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі – 30%.
Аймақ бойынша ең көп алаяқтық:
Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 мың 623 адам зардап шекті, оның ішінде:
Интернет-алаяқтық фактілері 1,5% төмендеді. Еліміз бойынша барлығы 15 мың 616 (15 848) осындай қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.
Ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73% төмендеді. Барлығы 24 (89) факт кездескен. Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша да төмендеу байқалады. Барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% аз. Жер құқықығы қатынастары саласында барлығы 3 факті тіркелген және оның барлығы Алматы облысында.