Ливандық «Хезболла» тобы да Израильдің бекіністерін атқылай бастады

Еркеғали Болатұлы

Бұған дейін палестиналық ХАМАС ұйымы Израиль территориясына басып кірген еді

фото: Хусейн Малла

Бүгін Ливандағы «Хезболла» тобы да Израильдің Голан жоталарындағы әскери бекіністерді зымыранмен атқылады.

Изариль жауап ретінде Ливандағы «Хезболланың» нысандарына соққы берген. Әзірге жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетсек, Израиль Сирияның Голан жоталарын 1967 жылы «6 күндік соғыс» кезінде жаулап алған болатын. Ал Ливан ол аудандағы кей мекенді өзінің аумағы деп санайды.

Бұған дейін палестиналық ХАМАС ұйымының Израиль территориясына мыңдаған зымырандар ұшырып, содан кейін елге басып кіргенін жазған едік.