ХІХ Азиада: Нұрқанат Әжіқанов Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды

Еркеғали Болатұлы

Ол финалда қарсыласын 8:0 есебімен жеңді

фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бүгін каратэші Нұрқанат Әжіқанов Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов финалда Иордания өкілі Хасан Масарвехпен кездесті. Тартысты өткен бәскеде Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Осылайша, Қазақстан қоржыны сегізінші алтын медальмен толықты.