Темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр
Өскеменде өткізілген жедел алдын алу іс-шарасы барысында құрамында никотині бар электронды темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, өткізілген іс-шаралардың нәтижеcі бойынша 8,5 млн теңгенің 2 мыңға жуық құрылғысы тәркіленген. Материалдар сотқа жіберілді. Темекі өнімдері мен бірреттік электронды темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Дәрігерлердің зерттеулеріне сәйкес, вэйптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді. Ата-аналардан баланың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына және сатып алуларына назар аударуды сұраймыз, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.