Тоқаев Мәскеуге ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін барды

Дастан Жұмабекұлы

Бүгін Кремльде ұйымның іс-шарасы өтеді

Фото: Ақорда

​​ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысады.

Бүгін Кремльде ұйымның іс-шарасы өтеді.

Тоқаев Мәскеуге БАӘ президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде болғаннан кейін барды.