Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасының белгілері бар «Eolus» инвестициялық жобасы бөлімшесінің қызметін тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Агенттіктің мәліметінше, аталған компания 3 ай бойы салымшыларды тарту мақсатында өз қызметін жасаған.
«Eolus» өзін шет елдерде орналасқан жаңартылатын энергия көздерін, жел электр генераторларын енгізумен айналысатын компания ретінде көрсетті. Бұл жобаны ұйымдастырушылар өз бизнесінің жоғары табыстылығы туралы презентациялар жасай отырып, азаматтарды салым сомасының 3% көлемінде пассивті күнделікті кіріс алуға уәде бере отырып, ақша салуға сендірді, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.