×

XIX Азиада: Қазақстан батуттық гимнастикадан 1 қола медаль еншіледі

Ал алтын мен күмісті қытайлық спортшылар алды

 Еркеғали Болатұлы 02.10.2023 | 15:00
фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық спортшы Виктория Бутолина Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында батуттық гимнастикадан қола медаль иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ол финалда 52.600 ұпай олжалады. Ал алтын медальды 56.720 ұпаймен қытайлық Сюэин Чжу алса, 55.790 ұпай жинаған Ичэн Ху (ҚХР) күміс еншіледі.

Жалпы қазір Қазақстан қоржынында 37 медаль бар. Оның 26-сы – қола.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама