×

Тубаев пен Емельянов қола жүлдегер атанды

Алтын медаль Қытай мен Тайпэй спортшыларына бұйырды

 Дәурен Ерболат 02.10.2023 | 09:05
Фото: Telegram/sportqazaq

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында 1000 метрге байдарка есуден Кирилл Тубаев пен 1000 метрге каноэ есуден сынға түскен Тимофей Емельянов қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

1000 метрге байдарка есуден қытайлық Донг Жанг (3:46.224) жеңіске жетсе, өзбекстандық Шахриер Махкамов (3:49.978) күміс медальға ие болды. Жерлесіміз Кирилл Тубаев (3:51.399) қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ 1000 метрге каноэ есуден сынға түскен қазақстандық Тимофей Емельянов та қола жүлдегер атанды. Бұл жарыста алтын медальды тайпэйлік Лай Куан-Чей (4:15.942) алса, күміс өзбекстандық Владлен Денисовке (4:15.994) бұйырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама