×

ШҚО-да найзағай жалыны 100 орам шөпті өртеп жіберді

Өрт сөндірушілер қалған 600 орам шөпті (180 тонна) аман алып қалды

 Еркеғали Болатұлы 01.10.2023 | 10:43
фото: 72.mchs.gov.ru

ШҚО-да найзағай түсіп, жинаулы тұрған 100 орам (рулон) шөпті өртеп жіберді.

Төтенше жағдай 30 қыркүйекте Ұлан ауданы Сағыр ауылының маңындағы шаруа қожалығы аумағында болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап, қалған 600 орам шөпті (180 тонна) аман алып қалды.

Ірі мая, бастырмалар, жиналған бума шөптер кемінде электр желілеріне 15 метр, жолдан 20 метр және ғимараттар мен құрылыс нысандарынан 50 метр қашықтықта жиналып, орналастырылуы шарт.

Ірі жем-шөп маяларын, бастырмаларын және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды мынадай жерлерде жинауға жол берілмейді:

  • сарайлар мен басқа да шаруашылық құрылыс нысандарының төбесіне;
  • электр желілері өтетін маңға, яғни электр сымы астына;
  • учаскенің сыртқы қоршауынан кем дегенде 3 метр қашықтықта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама