×

Астана полицейлері жерлеу қызметіне қайтыс болған адамның ақпаратын сатып жүр

Мұндай қатқыл мәлімдемені бүгін сенатор Андрей Лукин жасады

 Халық үні 29.09.2023 | 21:49
Фото: Halyq Uni

Өлімнен ақша өндірген! Бас қаланың полицейлері жерлеу қызметін көрсететін орталықтарға қайтыс болған адамдар жайлы ақпаратты сатып отырған. Мұндай қатқыл мәлімдемені бүгін сенатор Андрей Лукин жасады, деп хабарлады КТК телеарнасы.

 «Бұл сала былыққа батып кеткелі қашан?! Менің жеке тапсырмама сәйкес, полиция департаменті зерттеу жүргізді. Анықталғандай, адам қайтыс бола салып, марқұмның үйіне бірінші полиция жетпейтін бе еді. Бізде барлығы керісінше. Үйді торуылдап жерлеу қызметін көрсететін адамдар жүреді. Бұл ақпаратты бірінші болып сол тәртіп сақшылары естиді ғой. Сондықтан ақпаратты да солар жеткізетіні сөзсіз», - дейді Сенат депутаты Андрей Лукин.

Ортақ бизнестің кесірінен қазір Астанада жерлеу қызметін көрсету құны аспандап кеткен. Шамамен бір елорданың өзінде осындай қызмет көрсететін жиырмаға жуық мекеме бар десек, әрқайсысының баға саясаты әртүрлі. Осылай ойына келген бағаны қоя салудан еш арланбайтындарды желкелеп тұрып жазалау керек дейді сенатор.

Мәселен, бүгінде Астанада қайтқан адамды арулап ақтық сапарға аттандыру құны 150 мың теңге. Алматыда екі есе арзан. Шамамен 80 мың теңгеге мұндай мекемелер барлық керек-жарақ рәсімді тас-түйін жасап береді. Ал Көкшетауда елу мың, Өскеменде 60 мың теңгені құрайды.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама