Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты

Дәурен Ерболат

Жапония командасы жеңімпаз атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында велотректің мэдисон бағдарламасы бойынша сынға түскен Қазақстанның ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. 

Жарыста ел намысын Артем Захаров пен Рамис Дінмұхамедов қорғады.

Алтын медаль Жапония құрамасында (54 ұпай), күміс медаль Оңтүстік Кореяның  спортшыларына ( 54 ұпай) бұйырды. Қазақстан құрамасы 37 ұпаймен қоланы қанағат тұтты.