Әзербайжан полициясы Қарабақтың Ханкенді қаласына кірді

Дастан Жұмабекұлы

Олар қалада қоғамдық тәртіпті сақтаумен айналысады

Фото: media.az

Бүгін Әзербайжан полициясы Қарабақ экономикалық өңірінің орталығы – Ханкенді қаласына кірді. Олар қалада қоғамдық тәртіпті сақтаумен айналысады. Қазір қала халқының басым көпшілігі үйлерін босатып, Армения, Ресей, Сирия мен Ливанға және басқа да елдерге көшіп кеткен.

Қарабақтан келген тағы бір жаңалық, бүгін Әзербайжан арнайы қызметі Таулы Қарабақ әскерінің бұрынғы «қолбасшысы» Левон Мнацаканян мен «Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы «хатшысы» Аршавир Гарамянды тұтқындады. Олар Бакуге жеткізілді. Бұл екеуі осы аптада ұсталған Қарабақтың бұрынғы «басшысы» Рубен Варданянмен бірге тергеледі. Оларға «терроризмді қаржыландырды» деген айып тағылады.

Қазір Қарабақта 4-5 мың армян қалған. Олардың көбі – полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен медицина қызметкерлері. Ал Қарабақтан Арменияға 88 780 армян көшіп кеткен.