×

Алматыда қылмыс 30 пайыз төмендеді

Жыл басынан бері учаскелік инспекторлар 2 мыңнан аса қылмысты ашты

 Динара Амантай 29.09.2023 | 14:43
Фото: Halyq Uni

Алматыда қылмыс 30 пайыз төмендеген. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мегаполисте учаскелік полиция пункттері азаматтар үшін қолжетімді бола бастады. Полицияның сервистік моделі аясында жергілікті бюджет есебінен 30 заманауи учаскелік пункт пен 16 сервистік орталық ашу жоспарланған. Мұндай алғашқы учаскелік пункт Наурызбай ауданындағы Алем Сити-1 тұрғын үй кешенінде ашылды.

Учаскелік инспекторлар – құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алудың, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты субъектісі. 8 ай ішінде учаскелік инспекторлар 2 мың 211 қылмысты ашып, 63 мың 811 құқықбұзушылықты анықтады. Жалпы, Алматыда қылмыс 27,8% төмендеді.

Сервистік орталықтар азаматтардың көмек сұрауы кезінде ыңғайсыздық деңгейін төмендетуге, қалалық полиция бөлімшелерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Мұнда тегін қызметтердің 55 түрі, соның ішінде көші-қон, әкімшілік заңнама және басқа да заң мәселелері бойынша консультациялар көрсетілетін болады.

Сондай-ақ оларда психолог, медиатор жұмыс істейтін болады. Сервистік орталықтарда ресепшн, күту аймағы, балалар бұрышы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама