×

XIX Азиада: Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр?

Әзірше қоржында 3 алтын, 3 күміс және 16 қола медаль бар

 Халық үні 29.09.2023 | 08:34
Фото: Olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының медальдар кестесінде қай орында тұрғаны белгілі болды. 

Қазір ел құрамасы еншісінде 22 медаль (3 алтын, 3 күміс, 16 қола) бар. Медальдар кестесінде 12-орыннан 11-орынға көтерілді.

Жалпыкомандалық есепте Қытай 167 медаль (90 алтын, 51 күміс, 26 қола) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Кореяның 86 (24 алтын, 23 күміс, 39 қола), Жапонияның 78 медалі (18 алтын, 30 күміс, 30 қола) бар.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

Қытай - 90-51-26 (167)

Оңтүстік Корея - 24-23-39 (86)

Жапония - 18-30-30 (46)

Өзбекстан - 6-10-15 (31)

Үндістан - 6-8-11 (25)

Таиланд - 6-3-9 (18)

Гонконг - 5-12-15 (32)

Тайвань - 4-4-6 (14)

Таиланд - 4-0-5 (7)

Иран - 3-9-10 (10)

Қазақстан - 3-3-16 (22).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама