×

Шымкентте ҰҚК қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» филиалына басып кірді (видео)

Әлеуметтік желіде тінту барысы түсірілген бейнежазба пайда болды

 Халық үні 27.09.2023 | 20:33
Фото: видеодан алынды

Шымкентте ҰҚК қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалында тінту жүргізді. 

Әлеуметтік желіде тінту барысы түсірілген бейнежазба пайда болды. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент қызметкерлері мемлекеттік корпорацияның Шымкент қаласындағы филиалында тінту жүргізген.

«Тінту кезінде жер телімдерінің шекарасын заңсыз жылжыту фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бірқатар жер-кадастрлық құжаттар тәркіленді. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған шаралар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті біздің корпорацияға ешқандай түсініктеме берген жоқ» – делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама