Halyq Uni логотип
×

«Зейнет жасын төмендетуге қарсы емеспін»: министр мәлімдеме жасады

Тамара Дүйсенова әйелдер қозғалысының өкілдерімен кездесу кезінде мәселенің қаралатынын айтты

«Зейнет жасын төмендетуге қарсы емеспін»: министр мәлімдеме жасады
фото: informburo.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша Қазақстан әйелдерінің қозғалысы өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнетке ерте шығуына қатысты ұсыныстар жөнінде белсенді топ өкілдерімен бірлесе отырып жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.    

Министрдің айтуынша, халықтың табысын ескеріп, зейнетке ерте шығудың бірнеше тәсілі қарастырылады. 

Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін. Бізде қазірдің өзінде зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге және зейнет демалысына 55 жаста шығуға мүмкіндік бар. Факторлардың барлығын бірлесе отырып зерттеуіміз керек. Бұл кейін азаматтарымыздың зейнетақысы төмен болмауы үшін қажет, - деді Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетейік, вице-премьер Ералы Тоғжанов үкімет қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесін талқылауға дайын екенін айтқан болатын. 

Тағы оқи отырыңыз: Ең төменгі күнкөріс деңгейі және зейнетақымен қатар АЕК мөлшері де өсті

Серіктес жаңалықтары

Сараптама