×

Ең төменгі күнкөріс деңгейі және зейнетақымен қатар АЕК мөлшері де өсті

Жыл соңына дейін тағы 9-11 пайызға өсуі тиіс

 Еркеғали Болатұлы 13.05.2022 | 16:51
фото: ашық дереккөз

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, елімізде айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің, базалық зейнетақы төлемінің және ең төменгі зейнетақының мөлшері ұлғайтылды.

Жалпы, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін тағы 4 пайызға индекстеу туралы шешім инфляция дәлізінің 8-ден 10 пайызға дейін өзгеруіне байланысты қабылданған. Енді жыл соңына дейін АЕК, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және базалық зейнетақының мөлшері 9 пайызға, ал ең төменгі зейнетақының мөлшері 11 пайызға өсуі күтіліп отыр.

Жаңартылған құжатта 2022 жылғы 1 сәуірден бастап төмендегідей өзгерістер көрсетілген:

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін 20 191 теңге деңгейінде белгілеу (жыл басынан бері ол 19 450 теңге болған);

- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 48 032 теңге (бұрын 46 302 теңге болған);

- жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге (биылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 3 063 теңге болды);

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын 37 389 теңге (бұған дейінгісі – 36 018 теңге) деңгейінде белгілеу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама