Үш спортшымыз 10 метрден қозғалмалы нысананы көздеді
Ханчжоу қаласынан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс медаль түскені туралы хабар келді. Бұл жүлдені құрамында Бақтияр Ыбыраев, Андрей Худяков пен Асадбек Нәзірқұлов бар Қазақстан командасы 10 метрден қозғалмалы нысананы көздеуден еншіледі.
Қазақстан командасы 1 111 балл жинады. Бірінші орынды Оңтүстік Кореяның мергендері 1 116 балмен иеленді. Үшінші орынға 1098 ұпаймен Индонезияның спортшылары ие болды.
Сөйтіп, Қазақстан спортшылары оқ ату бойынша жарыстарда үшінші жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін Никита Чирюкин жылдам атылатын мылтықтан қола медаль иеленсе, тағы бір қола жүлдені Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жұбы қанағат тұтты. Олар 10 метрлік пневматикалық мылтықтан ату жарыстарында өнер көрсетті.