×

XIX Азия ойындары: Қазақстан үшінші жүлдені алды

Ел құрамасында 1 күміс және 2 қола медаль бар

 Дастан Жұмабекұлы 25.09.2023 | 14:11
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласынан тағы бір қуанышты хабар жетті. Қазақстан спортшылары Азиадада үшінші медальді жеңіп алды.

Бұл жүлдені тапаншамен оқ атудан 25 метр қашықтықтағы нысананы дәл көздеген Никита Чирюкин иеленді. Сөйтіп, ол Қазақстан құрамасына екінші қола медаль сыйлады. Ал осы жарыста бас жүлдені қытай спортшысы Ли Юхонг иеленді. Никита Чирюкин 26 ұпай жинады.

Әзірше Қазақтан жалпыкомандалық есепте үздік 5 ел құрамасының тізіміне кірген жоқ. Бұл тізімде 2 алтын жүлдеден көп медаль алған елдердің өкілдері бар. Соның ішінде көршілес Өзбекстанның спортшылары 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медальмен төртінші орында тұр. Ал топты қытай саңлақтары бастап келеді. Олар 27 алтын, 11 күміс және 5 қола жүлдені иеленген. Одан кейінгі орында 5 алтын, 6 күміс және 6 қола медальмен Оңтүстік Корея орналасқан.

Үшінші орынға 3 алтын, 9 күміс және 6 қола жүлдемен жапон спортшылары иелік етіп отыр. Төртінші орында Өзбекстан болса, үздік бестікті Гонкогтың қыз-жігіттері түйіндеді. Оларда 2 алтын, 2 күміс және 6 қола жүлде бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама