×

Үндістанның IndiGo лоукостері Делиден Алматыға әуе рейстерін ашты

Әуе кемелері аптасына 3 рейс жиілігімен ұшады

 Динара Амантай 26.09.2023 | 10:51
Фото: aeroport-perpignan.com

Үндістанның IndiGo лоукостері Делиден Алматыға әуе рейстерін ашты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 24 қыркүйекте Үндістанның «IndiGo» лоукостер әуе компаниясы А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) Дели – Алматы бағыты бойынша Қазақстанға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосқан.

Дели мен Алматы қалалары арасындағы бірінші рейсте орташа коммерциялық жүктеме 69% болды. Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Анықтама үшін: «IndiGo» – Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік әуе тасымалдаушысы. 2006 жылдың тамызында құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық болатын және 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.) бағыттар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама