×

Ақтөбе облысында көпбалалы әке үйінің шатырына есірткінің үлкен партиясын сақтаған

Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Динара Амантай 25.09.2023 | 16:37
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 қыркүйекте Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Қарасора – 2023» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қызметтік итті қолдана отырып, есірткіге масаң күйдегі ер адамды ұстаған.

Ұсталған 45 жастағы ер адамды тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде үйінің шатырынан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары салынған бір қап табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 23 келі 500 грамм марихуана есірткі құралы екені белгілі болды, – делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ күдіктінің кәмелетке толмаған 6 баласының бар екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама