Маңғыстау облысында жалған ақша өткізумен айналысқан қылмыскер ұсталды

Динара Амантай

Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында жалған ақша купюраларын өткізу бойынша қылмыстық әрекеті тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұсталған азамат номиналы 50 АҚШ доллары болатын жалған ақша купюраларын сатумен айналысқан. Агенттік қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілген сатып алу барысында жасанды ақша сату фактісі анықталып, жалпы сомасы 3 мың 850 доллар болатын жалған валюта тәркіленді.

Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Өзге тұлғалардың заңсыз әрекетке қатыстылығын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібі негізінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.