×

«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

Голос Народа тілшісі «Жылдың үздік журналистік зерттеуі» номинациясының жеңімпазы атанды 

 Халық үні 22.09.2023 | 21:38
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады. 

48 үміткердің ішінен «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты:
Лэйла Тастанова - Time.kz

Жылдың үздік репортажы:
Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: 
Амангүл Тілейқызы - El.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі(Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):
Анна Величко - Golos-naroda.kz

Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Меруерт Сарсенова - Kapital.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Nege.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:
 «Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы

Жылдың үздік фотосуреті: 
Валерий Бугаев  

Үздік өңірлік БАҚ:
 «Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):

«Қазақ елі» журналы (Түркия)

Үздік подкаст:
 «OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан 

Үздік  YouTube каналы:
Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live»

Әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER - 2023» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады.

2017 жылдан бастап барлығы 3827 жұмыс сыйлық алуға келіп түсті, оның 348-і шорт-парағына енді. «URKER» ескерткіш мүсіншесінің иегерлері 92 үздік атанды.

«URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. 

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.

Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама