×

«20 күнге қамалады»: Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Алматының Түрксіб аудандық сотында қазақстандық әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

 Халық үні 21.09.2023 | 23:25
Фото: dalanews.kz

Алматының Түрксіб аудандық сотында қазақстандық әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәліге) қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.
Айта кетсек, ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігіне сәйкес, билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау – 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған.

Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған әнші полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны үшін ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама