×

Жетісу облысында 14 күн бұрын жоғалған екі жасөспірім Шымкенттен табылды

Іздеу жұмыстарына мектептің педагогикалық ұжымы мен еріктілер қосылды

 Динара Амантай 20.09.2023 | 17:25
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында жоғалған екі жасөспірім Шымкенттен табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары екі апта бойы жүргізілген. 15 жастағы Ақерке Жолдасова мен 16 жастағы Әмір Тергеуовтің Үштөбе қаласынан хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз Қаратал ауданының полицейлеріне 6 қыркүйекте жазылған. Кәмелетке толмағандарды жаппай іздеу жұмыстарын олардың туыстары, полиция қызметкерлері жүргізді. Сондай-ақ мектептің педагогикалық ұжымы мен еріктілер қосылды.

19 қыркүйекте із-түзсіз жоғалғандардың орналасқан жері анықталды. Екі мектеп оқушысының да Шымкент қаласында екені белгілі болды. Полицейлер кәмелетке толмағандарды Үштөбеге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Екі жасөспірім де аман-есен, дендері сау, – деді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Журунов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама