×

Көмір экспортына шектеу енгізілуі ықтимал

Шикізат елден шығарылып, қымбатқа сатылған

 Дәурен Ерболат 19.09.2023 | 15:46
Фото: kapital.kz

Бүгінде қазақстандықтарды көмірмен қамтамасыз ету үшін оның экспортына шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін ол көлікпен көмір экспорттауға шектеу енгізілгенін еске салды.

Бүгінде мұндай шектеулер бойынша шаралар әзірлеп жатырмыз. Қазақстаннан әлеуметтік көмірді арзанға алып, оны шет мемлекеттерге қымбатқа сатқан деректер болды. Сондықтан халықты барынша осы отынмен қамтамасыз ету және әлеуметтік көмірдің экспортын тоқтату үшін осындай шара қабылдауға мәжбүрміз, - деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр қазір коммуналдық-тұрмыстық мақсатқа қанша тонна көмір бөлінгенін айтты.

«Бүгінде коммуналдық және әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерге бағытталатын көмір көлемі – 9,1 млн тонна. Біз жоспарды 28,3%-ға орындап отырмыз, жұмыстар жалғасады», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама