×

Ризабек Айтмұхан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Ризабек финалда әзірбайжандық Осман Нурмогамедовпен белдесті

 Халық үні 18.09.2023 | 22:59
фото: olimpic.kz

Ризабек Айтмұхан Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалында әзірбайжандық Осман Нурмогамедовты жеңіп, қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Halyq Uni

Кездесу соңына дейін ұтылып жатқан Ризабек санаулы секундтарда қарсыласына әдіс жасап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – биыл еліміздің ғана емес, әлемдік күрес мамандарының жоғары бағасын алған боз кілем шебері. Ол жылдың басында Алматыда өткен күрестен ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында чемпион атанды. Осыдан кейін көктемде Астанада өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Амман қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 2-орын алды.

Сонымен қатар, еркін күрестен егемендік жылдары қазақстандық балуандар әлем чемпионатында 16 жүлдеге қол жеткізген. Оның бесеуі - күміс, қалғаны қола алды. Ризабекке дейін дүниежүзі додасының финалында Нұрқожа Қайпанов күрескен (70 кг, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы).

92 кг дейінгі салмақ Олимпиада бағдарламасына кірмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама