×

Ақтөбеде терроризмді насихаттаған 2 адам ұсталды

Олардан экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді

 Динара Амантай 16.09.2023 | 13:03
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Биыл 9 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдырумен радикалды діни ұйымның өкілдері ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Терроризмді насихаттау бойынша күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама